Наш профиль
History
1994 жыл. Бауырлас екі өлке арасындағы достық және мәдени байланыстарды нығайту мақсатымен, 1992 жылдың 29 сәуіріндегі мемлекет басшыларының екі жақты келісімі негізінде 1994-1995 оқу жылында қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде білім беретін қазақ-түрік лицейі ашылып, директоры болып Селахатдин Шахин тағайындалды.
Міне, содан бері лицей болып бой көтерген қазақ-түрік лицейі 20 жылдық білім беру сапарында жаңа заманға лайық түлектер тәрбиелеп, өмірден өз орнын табуға үзбей көмектесіп келеді.
Лицейде жоғары тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Мұғалімдердің ішінде жоғары өкімет наградаларымен марапатталған, Білім беру ісінің үздіктері, Ы.Алтынсарин медалінің иегерлері және Мемлекет тарихы институтының Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академик атағын алған ұстаздар бар.
Лицей ұжымы аудандық, қалалық, республикалық деңгейдегі семинарларға үнемі қатысып, дарынды балаларды пән олимпиадаларына дайындаудағы іс-тәжірибелерімен үнемі бөлісіп отырады.
Ұстаздар алдындағы басты міндет - еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді, білікті, тәрбиелі ұрпағын қалыптастыру. Ол үшін ұстаз еңбегіндегі жаңашылдық пен шығармашылықты дамыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан бастамашылық пен білім, ерік-жігер мен тәртіп төзімділік пен табандылық, білгірлік пен жауапкершілікті арттыру арқылы алдағы міндетімізді жүзеге асыруда.
Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында ұстаздар даралап, саралап, деңгейлеп дамыта оқыту компьютерлік технологиялармен жұмыс жүргізуде.
Заман талабына сай бейімделген білім шаңырағының аз ғана кезеңнің өзінде асқан асулары, алған белестері мен биіктері, қол жеткізген табыстары аз емес. Атап айтқанда, лицей алғашқы түлектерін 1998 жылы ұшырды. Содан бері лицейді 1030 түлек бітірді. Оның 62-сі “Алтын белгі”, 71-і үздік аттестатқа бітірді. 2014-2015 оқу жылында лицей өзінің 18-ші қарлығаштарын ұшырғалы отыр. Олардың 5-уі“Алтын белгіге” үміткерлер.
Шет тілдерін оқытуда басымдылық пен ерекше талап қоюмен, сонымен қатар оқытуда әлемде озық деп танылған әдістермен бірге, түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып, оқытудың жаңа технологиясы негізінде, әлемдік стандарттарға сай Қазақстанда ғана емес, көптеген елдерде жетістіктерге қол жеткізген бағдарламамен жұмыс істейді. Лицей ашылғалы бері дәстүрге айналған ерекшелік - оқушылардың әлеуметтік және мәдени дамуы үшін конференциялар, семинарлар, республика бойынша және шетелге туристік сапарлар, дискуссиялар, көрмелер, театрлар, мұражайлар және кинотеатрларға қыдыру шаралары ұйымдастырылады. Оқушыларының ақыл-өрісі мен моральдық тұрғыдан дамуымен бірге дене шынықтыруына да лицей басшылығы үлкен көңіл бөледі. Қазақ-түрік лицейлері жеткіншектердің қабілеттері мен бейімділіктерін анықтап, оларды жетілдіру үшін шынайы мүмкіндіктер туғызады. Лицейдің шаңырағы астында сан-алуан спорт секциялары мен әдебиет, музыка, бейнелеу, ғылыми-практикалық және басқа да үйірмелер қызмет атқарады.
Лицей «Білім мазмұнын жаңартуда оқушыларға әлемдегі дамыған жетістіктер мен көп тілді негізінде сапалы білім және тәрбие беру» атты проблемалық тақырыпта жұмыс істейді.
Мақсаты: «Нәтижеге бағытталған білім беру мақсатында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, көпмәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру»
-
-
Білім мазмұны мен оқытудың әдіс – тәсілдерін жаңарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы білім сапасын арттыру.
-
Қазіргі әлеуметтік – мәдени жағдайды және тәрбиелеу мен оқытудың жаңа құндылықтарын ескере отырып, ұлтаралық жоғары деңгейдегі қарым – қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру.
-
Педагогтарды ғылыми ізденіске бағыттау, зерттеу жұмыстарына жағдай жасау, педагогикалық ынтымақтастықты нығайту.
-
Оқушыларды пәндік олимпиада, ғылыми жоба, халықаралық жарыстарға көптеп шығару және даярлықты нығайту.
-
Пәндер бойынша оқытудың инновациялық тиімді әдістерін таңдап алу арқылы сапалы білімге қол жеткізу.
-
Педагогикалық ұжым алдына қойған міндеттерін орындауда лицейдің білім сапасы, мұғалімдер мен оқушыларды ізденушілікке бағыттау, ғылыми орталықтар құру, ғылыми жүйелеу, әдістемелік – тәжірибе жұмыстарын негіздеу педагог ғалымдардың басшылығымен жүзеге асырылады. Лицейдегі әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік отырыстары, семинар – практикум, педагогикалық оқулардың жұмыстары осы бағытта жүргізіледі. Жаңа технологиялар бойынша оқыту әдістемелерін танысу тиімділігіне қарай пән мұғалімдерінің тәжірибесін енгізуге жағдай туғызу, озық тәжірибе үлгілерімен мұғалімдерді таныстыру апталық, ашық сабақ, педагогикалық оқулар, семинарлар арқылы жүргізіледі. Дарынды балалармен жұмыс лицейдегі білім сапасын жақсартудың негізгі бөлігі болғандықтан, мұғалімдердің қабілетіне, бейімділігіне қарай іріктеп, жеке жұмыс жоспары бойынша жұмыс жүргізуде.
Лицей сондай–ақ жоғары оқу орындармен, оның ішінде С.Демирел атындағы Университет, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет, КБТУ-мен, Абай атындағы ҚазҰУ, аудандық оқу бөлімімен, қалалық білім Басқармасымен, Республикалық тест орталығымен, «Қазақстан – Заман», «Ұлан», «Мөлдір бұлақ», т.б. басылымдарымен тығыз байланыс жасайды.
Мұғалімдердің білім деңгейі мен кәсіби шеберлігінің арқасында лицейдің талапты да талантты үздік шәкірттері қалалық, республикалық, халықаралық аламан бәйгелерден озып келіп, ұстаз еңбегін ақтауда. Соның бірі, отбасы күніне орай «Менің отбасым» тақырыбында өткен қалалық шығармалар байқауында лицейіміздің 9 сынып оқушысы Қалиев Алихан 1-ші орынға ие болды, пән мұғалімі Муканова Жанерке.
Соңғы бес жыл бойында оқушылар қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде білім сайыстарында мына төмендегідей нәтижелерге жетті.
Қалалық
2009-2010
2010-2011
2011-2012
2012-2013
2013-2014
1 орын
4
5
6
4
12
2 орын
9
10
5
5
2
3 орын
8
8
14
12
18
Барлығы
21
23
25
21
32
Республикалық
2010
2011
2012
2013
2014
Алтын
-
3
4
5
4
Күміс
1
3
8
3
6
Қола
3
6
2
5
4
Барлығы
4
12
14
13
14
Халықаралық
2010
2011
2012
2013
2014
Алтын
6
1
11
2
2
Күміс
8
4
13
19
10
Қола
12
12
16
22
16
Барлығы
20
17
40
43
28
2012 жылдың мамыр айында Алматы қаласы әкімінің шешімімен лицей оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары бағаланып, республикалық, халықаралық білім жарыстарында оқушыларымыздың иеленген орындарының саны 40-тан асуына байланысты ауыспалы “Үркер” белгісімен марапатталды.
Биылғы оқу жылында қазан айының 27-31 аралығында Бразилияның Новогамбург қаласында өткен 29-шы « MOSTRATEC» Халықаралық жоба жарысында лицейіміздің 11 сынып оқушылары Әлімбай Шыңғыс пен Сағит Нұрмұхамед күміс медаль иегерлері атанды.
Сонымен қатар, информатика пәнінен 29-30 қарашада өткен VІ Еуразиялық олимпиадада лицей оқушылары: Маминов Данияр, Ауғанов Біржан, Өмірзақ Мейрамбек алтын медаль, Мадибеков Нұрбақыт, Калимов Арыстан, Сайдолда Баян қола медаль иегерлері атанды және 15-ші Жалпы Ресейлік информатика мен бағдарламалаудан командалық олимпиадада Маминов Данияр, Ауғанов Біржан, Өмірзақ Мейрамбек күміс медальмен марапатталып қайтты.
Әрине, мұндай жеңіс тәлімі мол, тәжірибелі жетекші, іскер де, білімді ұстаздар информатика пәнінің мұғалімі Тулегенов Мақсат, биология пәнінің мұғалімі Алмағанбетов Жасұлан, математика пәнінің мұғалімдері Бейсенбинов Достан, Султамуратов Радмир, физика пәнінің мұғалімі Мехмет Сюрмен, тарих пәнінің мұғалімі Ермуханова Хадиша, орыс тілі пәнінің мұғалімі Оразалиева Мазира, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бикенина Гузалияның ерен еңбектерінің жемісі.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде игі істерімен көпшілік құрметіне бөленген педагогикалық ұжымның алдағы уақытта да үлкен табыстарға жетеріне сенім мол.
-