29 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері Ғ.Мүсірепов театрына барып, "Желтоқсан желі" атты қойылымды тамашалады. Бұл қойылым Тәуелсіздіктің қалай келгендігін, Тәуелсіздік қандай оқиғаның жемісі екендігін түсіндіріп, оқушылардың жүректерін сол кездегі жастарға деген алғыс-тілектерге толтырды.
Новости
Желтоқсан желі
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті күндігі
Бүгін лицейімізде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті күндігі өтуде. Аталмыш күндікке байланысты қазақ тілі мұғалімдері оқушыларды қазақтың салт-дәстүрі, мақал-мәтелдері, киелі сандары, жалпы қазақ халқының құндылықтарымен таныстыру мақсатында көптеген ойындар мен логикалық тапсырмалар ұйымдастырды. Сонымен қатар, қазақ тілі бірлестігінің атынан лицей мұғалімдеріне ақ дастарқан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.
Мұғалімдер жарысы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Тәуелсіздік - ұраным" атты мұғалімдер арасында баскетбол, волейбол жарысы, эстафеталық жарыстар өтті. Жарысқа белсене қатысқан ұстаздарымызға рақмет!
Күрес
Лицейімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты 7-11 сыныптар аралығында күрестен жарыс өтуде
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай лицейімізде 7-11 сыныптар аралығында баскетбол ойынынан жарыс өтуде
English Day...
Білім көрмесі
19 қараша күні Наурызбай ауданының 157 мектебінде Алматы ер балалар және қыз балалар лицейлері бірігіп, білім көрмесін ұйымдастырды. Көрмені Наурызбай ауданының әкімі мен басқа да мектеп оқушылары келіп тамашалады. Білім көрмесінде оқушыларымыз өздерінің ғылыми жаңалықтарын көрсетіп, химия, биология, физика, математика, тарих, биология, география пәндері негізінде жасаған жобаларымен таныстырды.
Дені саудың - жаны сау
17 қараша күні лицейімізде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай "Дені сау ұрпақ - ел болашағы" атты тақырыпта С.Д. Асфендияров университетінің доценті А.И. Нуфтиеваның басқаруымен университет студенттері келіп, 7-сынып оқушыларына диабет туралы сахналық көрініс көрсетіп, ойындар ойнатты. Бұл кездесуде балалар диабет ауруының алдын алу шараларымен толықтай танысып, суреттер арқылы өз ойларын білдірді.