Новости

        • Жастарды білім мен инновация жолында күтеміз!
          • Жастарды білім мен инновация жолында күтеміз!

          • ЖАСТАРДЫ БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ ЖОЛЫНДА КҮТЕМІЗ!
            Алматы "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейлеріне тіркелу уақытын жіберіп алмаңыздар!
            - Құжаттарды қабылдау уақыты 29.04.2017ж дейін жалғасады;
            - Емтихан сәуір айының 30 күні, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, логика пәндерінен тест түрінде қабылданады;
            - Қабылдау емтиханына ағымдағы оқу жылының 6 сынып оқушылары қатыса алады;
            - Құрметті ата-аналар! Балаңыздың білім жжолында көптеген жетістіктерге жетуіне, білім шыңын бағындырып, Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесін қосуына жол ашыңыз!

        • Bilim Times
          • Bilim Times

          • "Bilim times" газетінің кезекті саны ата-аналар мен қонақтарға лицейіміздегі ең соңғы жаңалықтарды ұсынады

        • "Бір ел - бір кітап 2017!" қорытындысы
          • "Бір ел - бір кітап 2017!" қорытындысы

          • Наурыз айында "Бір ел -бір кітап 2017!" акциясы бойынша лицейімізде кітап оқу жарысы басталған болатын. Жарыста 7-8 сыныптарға Б,Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабы берілсе, 9-10 сыныптарға І.Есенберлиннің "Қаһар" романы оқуға берілді. Еске салсақ, 1 орынға - велосипед ұсынылған еді. 16 сәуір, лицейімізде тойланған Наурыз мерекесінің қарсаңында жарыстың жеңімпаздары анықталып, тиісті сыйлықтары табыстылды. Оқушылар арасында 3-орын - Төлебаев Ұлан, 2-орын - Нағашбек Мирас, Абзал Тоқсанбай, 1-орын - Есенов Алмас. Ал, ата-аналар арасында 3-орын - Сембекова Айнұр, Зікірбаева Құралай, 2-орын - Мейрманова Гауһар, 1-орын - Қойшыбаева Жұлдыз. Лицейіміздің атынан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

        • Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!
          • Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!

          • Кеше лицейімізде Наурыз мейрамын атап өттік.Ұлыстың ұлы күніне тек қана оқушылар мен ұстаздар ғана емес, сонымен қатар, ата-аналар да ерекше дайындалған. 7 сыныптар арнайы қазақша бұйымдармен жабдықталған киіз үй тіксе, 8,9,10 сыныптар ақ шатыр тігіп, бас қосып мерекені өз деңгейінде тойлады.

        • Ә. Бектұров атындағы ІІІ Халықаралық олимпиада
          • Ә. Бектұров атындағы ІІІ Халықаралық олимпиада

          • Сәуір айының 11-13 аралығында Павлодар қаласында Ә.Бектұров атыдағы ІІІ Халықаралық химия олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 40-республикалық және Бүкілресейлік және 11-халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері қатысты. Жалпы 68 оқушы бақ сынасқан олимпиадада лицейіміздің шәкірттері үздік нәтиже көрсетіп, лицей қоржынын 1алтын, 2 күміс медальмен толықтырды. Атап айтсақ, Диас Жандар -алтын медаль, Жәнібек Абитаев пен Сұлтан Ашимов күміс медальға ие болды. Құттықтаймыз!!!

        • "Жаңашыл мұғалім: Үштілді оқытудағы тиімді әдістемелік амалдарды және АКТ-ны пайдалану"
          • "Жаңашыл мұғалім: Үштілді оқытудағы тиімді әдістемелік амалдарды және АКТ-ны пайдалану"

          • Бүгін лицейімізде "Жаңашылмұғалім: Үштілді оқытудағы тиімді әдістемелік амалдарды және АКТ-ны пайдалану" атты семинар өтті. Семинарға 70 жуық мұғалімдер қатысты. Семинар сабақтарына келген ұстаздарды тіркеу сағат 9:00де, ал сабақтар 9.15 - 10:00 аралығында болды. Ашық сабақтардың тақырыптары :

            - Алмағанбетов Жасұлан - биология пәнінің мұғалімі

            "Асқорыту мүшелері және құрылысы - Органы пищеварения и их строение - Organs and structure of digestion" 8 -сынып;

            - Кбылкаев Дукат - математика пәнінің мұғалімі

            "Мәселе есептер - Текстовые задачи - Word problems" 8- сынып;

            - Боранбай Асылбек - информатика пінінің мұғалімі

            "Шартты операторлар - Условные операторы - Decision Structure" 9- сынып

            - Шокобалинов Нұрсұлтан - физика пәнінің мұғалімі

            "Ауа шары - Воздушные шары - Air balloons" 7- сынып

            10.00-10:30 аралығында келген қонақ ұстаздарға арналған шағын кофе-брейктен кейін лицейімізде 3 тоқсанда ғана ашылған "Интеллектум" кабинетінде интеллектуалдық ойындар көрмесі өтті. Көрмені тамашалп, логикалық ойындармен танысып болған соң, мәжіліс залында Абдубакиоглы Мустафа - физика пәнінің мұғалімі "Көптілді білім берудің оқу үлгеріміне әсері", Султамуратов Радмир - математика пәнінің мұғалімі "Ағылшын тілінде оқытуды қалай бастау керек?", Алмағанбетов Жасұлан - биология пәнінің мұғалімі "Ағылшын тілінің олимпиадаға және ЖОО-ға түсуге пайдасы" атты семинар сабақтары жүргізілді.

        • Өзін-өзі тану семинары
          • Өзін-өзі тану семинары

          • - "ӨРЛЕУ" БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" акционерлік қоғамы;

            - "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша "Сабақтағы жалпыадазаттық құндылықтар" педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы;

             - Сонғы ІІІ "Жүректен жүрекке" кезеңінде "Өзін-өзі тану" пәнін сыныптан тыс іс-шаралармен интеграциялау бойынша лицейімізде тыңдаушылардың ұйымдастырған іс-шарасы;

        • Білімді ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналар
          • Білімді ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналар

          • Жас ұрпақтың тәрбиесі мен қоршаған ортаға көзқарасы ең бірінші отбасындағы махаббат пен сүйіспеншілікке тікелей бағынатыны белгілі.  Баланың алғашқы ұстазы - ата-анасы, одан әрі жетелейтін мектеп мұғалімдері болып табылады. Осындай тәрбиелі, білім шыңын бағындырып жүрген лицейіміздің шәкірттерінің ата-аналарын лицей директоры Ясин Йогуртджу арнайы алғыс хатпен марапаттады. Қазақстанның болашағының жарқын болуына атсалысып жүрген оқушылардың ата-аналарына денсаулық, балаларының ең биік белестерден көрінулеріне тілектес екендігін айтып өтті.

        • Білім-инновация лицейлеріне  қабылдау
          • Білім-инновация лицейлеріне қабылдау

          • Ата-аналар назарына! 3 сәуірден бастап Алматы "Білім-инновация" лицейіне түсу емтиханына тіркелу басталды. 

            - Тіркелу 03.04.2017- 29.04.2017 аралығында болады. 

            - 30.04.2017ж емтихан уақыты. Сәттілік!

             

        • Вистула университеті
          • Вистула университеті

          • Бүгін лицейімізге Польшаның үздік университеттерінің бірі Вистула Бизнес және Финанс Академиясы келіп, лицейіміздің биылғы түлектерін оқуға шақырды. Бұл Академия 1996жылы құрылған жеке меншік университеттердің бірі. Қазіргі таңда үздік студенттерді оқытып жатқан университетте әлемнің 26 мемлекетінен келіп білімін шыңдап жүрген студенттер де бар.