Новости

        • Тәуелсіздік - Тәңірден келген тәтті сый!
          • Тәуелсіздік - Тәңірден келген тәтті сый!

          • Бүгін лицейімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Тәуелсіздік - Тәңірден келген тәтті сый" атты концерт өтті. Концертте 25 жылдыққа орай өткізілген жарыстардан орын алған оқушылар мен ұстаздар марапатталды. Кеш соңын лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымы ұранды әнмен аяқтады.
            Қазақ елі! Барлықтарыңызды еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз еліміздің жастары Қазақстанды тек қана биіктерден көрсетіп, әлем халықтары арасында көк байрағымыз мәңгі желбіреп, Әнұранымыз бейбіт күнде шырқалсын!

        • Олимпиада
          • Олимпиада

          • Кеше информатика пәнінен XVIII ВКОШП және VIII Еуразия олимпиадасы өткені белгілі. Онлайн рейтинг бойынша осы олимпиададан шәкірттеріміз олимпиада басында 1 орында көрініп, қаншама ұстаздарының үміттерін ақтап өз орындарын сақтап, 2 олимпиададан да 1 орынды иеленді. Шәкірттеріміз Мәдибек Нұрбақыт, Жалғасов Асхат (ВКОШП 1орын,Еуразия олимпиадасы 1 орын) Кусаинов Жанболат, Алуадин Айдын, Рахматуллин Ралиф (ВКОШП 2 орын, Еуразия олимпиадасы 1 орын), Абдрахманов Алдияр, Мурадов Ислам, Турубаев Алишерді (Еуразия олимпиадасы 3 орын) шын жүректен құттықтай келе, болашақта осындай биік белестерді бағындырып жүре берулеріне тілектеспіз! Осындай білімді, білімге құштар жастарымыз тұрғанда,көк байрағымыз көкте мәңгі қалықтайтынына сеніміміз мол! Жасай бер, жарқын болашақ жастары!

        • Мәңгілік елдің дарындылары
          • Мәңгілік елдің дарындылары

          • Қараша  айының 13-14 күндері Америкада барлық әлем бойынша миллионнан аса программисттерді біріктіретін  HaсkerRank платформасы университеттердің рейтингін қалыптастырды. Бұл іс-шара осы жылы алғаш рет өткізілген. Hacker Rank University Code – Sprint  платформасы университеттердің кодтаумен маманданған программистерді дайындау жетістік деңгейлерін анықтады. Рейтинг ресурсты қолданушылардың бағдарламалаудан есептерді шешу нәтижелеріне сәйкес қалыптастырылды. Іс-шараға әлемнің 126 университеті мен колледждерінің 5,5 мыңнан астам студенттері қатысты. Есептерді шешуіне қарай университеттерге белгілі балл саны берілді. HaсkerRank платформасының есептеуі бойынша, Санк-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университеті ең үздік атанды. Екінші орында Sun Yat – sen memorial Middle School (Қытай), ал үшінші орында Ho Chi Minh City University of Science (Вьетнам). Алматы Білім-иновация лицейі (КТЛ)  рейтингте 21-орынға табан тіреді.

        • UNIST университеті
          • UNIST университеті

          • Бүгін лицейімізде 10-11сынып оқушыларына Корей елінің халықаралық «UNIST» университеті ашық есік күнін ұйымдастырды.Университеттен келген мұғалімдер оқушыларға жалпы университеттің жетістіктері және факультеттеріне туралы толық мағлұмат берді. Ол жердің студенттерінің бос уақыттарының қалай өтетіндігі туралы да мәліметтер айтылып, слайд түрінде көрсетілді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала алды.

        • Ән байқауы
          • Ән байқауы

          • Бүгін лицейімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Әнім саған арналады - Қазақстан" атты ән байқауы болды. Байқауға 7-10 сыныптардың оқушылары қатысып, үздік өнер көрсетті. Байқаудың 2 бөлімінде лицейіміздің ұстаздары ән шырқап, викториналық сұрақтар арқылы өздерінің туған жерге деген жылы лебіздерін білдірді. Байқауымыздың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!