Оқушыларымыз Амир Дален мен Адильхан Амир және олардың жетекшісі Жолгелдиев Жанболат 22 қазан мен 2 қараша күндері аралығында Кореяның UNIST университетінде өтетін Халықаралық олимпиадаларға дайындық сабақтарына жолдама алған болатын. Сапарларыңыз сәтті өтсін, білімдеріңізді жетілдіріп, аман есен елге оралыңыздар!
Новости
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ АМИР ДАЛЕН МЕН АДИЛЬХАН АМИР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ЖОЛГЕЛДИЕВ ЖАНБОЛАТ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ҮШІН КОРЕЯ ЕЛІНЕ ЖОЛ ТАРТТЫ!
Сайлау нәтижесі бойынша, қарсыластарын басып озып, көпшіліктің шешімімен Абай Сатай Алматы "Білім-Инновация" ұлдар лицейінің президенті болып сайланды!
6 қазан сенбі күні лицейімізде ата-аналарға арналған педконсилиум өтті.
6 қазан сенбі күні лицейімізде ата-аналарға арналған педконсилиум өтті. Әр тоқсан сайын болатын педконсилиумда ата-аналар оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесі туралы пән мұғалімдерінен,сынып жетекшілерден керек ақпараттарын ала алады деген үміттеміз. Мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы тығыз қарым-қатынастың бір көрінісі болып табылатын педконсилиум түрлі мәселелердің шешімін тапты деген ойдамыз.
6 қазан сенбі күні лицейімізде ата-аналарға арналған педконсилиум өтетінін хабарлаймыз!
6 қазан сенбі күні лицейімізде ата-аналарға арналған педконсилиум өтетінін хабарлаймыз.Әр тоқсан сайын болатын педконсилиумда ата-аналар оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесі туралы пән мұғалімдерінен,сынып жетекшілерден ақпарат ала алады. Мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы тығыз қарым-қатынастың бір көрінісі болып табылатын педконсилиум түрлі мәселелердің шешімін табуға көмектеседі.
27 қыркүйек күні лицейде Үйірме көрмесі өтті.
27 қыркүйек күні лицейде Үйірме көрмесі өтті.Футбол,шахмат,домбыра, волейбол т.б үйірме жетекшілері оқушыларға кішігірім ойын түрлерін өткізіп, балалардың қызығушылықтарын байқады. Аталмыш көрме оқушылардың түрлі қабілеттерін анықтап, жетілдіруде үлкен үлес қосатынына сеніміміз мол.
#almatyboysbil
#bil
#uiyrmelerkormesi
25 қыркүйек күні лицей қабырғасында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай 7-10сыныптар аралығында "Туған тілім - тірлігімнің айғағы" атты ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті.
25 қыркүйек күні лицей қабырғасында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай 7-10сыныптар аралығында "Туған тілім - тірлігімнің айғағы" атты ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті. Әр сыныптың оқушылары мен ата-аналары қазақ,орыс,түрік т.б. ұлттарының тағамдарын ұсынып,тілдерінің құдіреттілігін насихаттап, аталмыш шарада белсенділік танытты. Бұл шара - елімізде бір шаңырақ астында тұрып жатқан әр түрлі ұлттың татулығын,береке-бірлігінің бір көрінісі. Баршаңызды Қазақстан Республикас ы халықтарының тілдері күні мерекесімен құттықтаймыз!
#almatyboysbil
#bil
#tildermerekesi
18.09.2018ж. лицейімізде Emrah bey-дің құрметіне арналған қайырымдылық жәрмеңкесі откен болатын.
18.09.2018ж. лицейімізде Emrah bey-дің құрметіне арналған қайырымдылық жәрмеңкесі откен болатын. Жәрмеңкеге келген барша қайырымды жандарға алғысымызды білдіреміз! Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен табыстың барлығы Emrah bey-дің (@help_emrah_bey ) еміне кететін болады.
#almatyboysbil
#ktl
#helpemrahbey
14.09.2018ж. лицейімізде зейнет жасына жеткен ұлағатты ұстаздар мен қызметкерлерге арналған мерекелік қоштасу кеші өтті.
14.09.2018ж. лицейімізде зейнет жасына жеткен ұлағатты ұстаздар мен қызметкерлерге арналған мерекелік қоштасу кеші өтті. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен, өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен, адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи саясатымен, кәсіби біліктілігімен ұстаздық міндетін абыроймен атқарған құрметті Оразалиева Мазира Кусаиновна, Избасханова Орынкул Куанбаевна, Нургожина Бакыт Кельдигоживна, Сулейменов Бактыгали Азильманатович, сіздерге өз жұмыстарыңызды адал және кәсіби түрде атқарып, көрсеткен жоғары дәрежелеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз!
#almatyboysbil
#ktl
#zeynet
Алматы "Білім-Инновация" ұлдар лицейі үздік олимпиадалық мектептер қатарына кірді!
Алматы "Білім-Инновация" ұлдар лицейі үздік олимпиадалық мектептер қатарына кірді!
2017-2018 оқу жылында өткен Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік 100 олимпиадалық мектептері анықталды.
🥇🥈🥉Алматы "Білім-Инновация" ұлдар лицейі 5 алтын🥇, 5 күміс🥈пен 5 қола🥉жетістігімен барлығы 30 ұпай жинап үздік мектептер ішінен 5 орынға ие болды!!!
Сірә, бүгіннен бастап 5⃣ біздің киелі санға айналды ау шамасы😄
Лицей ұстаздары мен шәкірттерін, оқуға қамқор болып жүрген ата-аналарымызды бұл жетістіктерімен құттықтаймыз!
#almatyboysbil
#ktl
#5oryn
#almatykazakhstan