Наурыз айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Бұл олимпиадада еліміздің ең білімді оқушылары тартысқа түскен болатын. Білімді, алғыр оқушылардың қатарында біздің лицейіміздің де шәкірттері алғашқы орындардан көрінді. Республикалық олимпиадаға жол тартқан 16 оқушының 15-і білім шыңын бағындарып, олжалы оралды. Атап өтер болсақ, Шынтас Нұртас, Азизұлы Амангелді, Нәдір Бекзат, Билялов Шыңғыс, Абитаев Жәнібек, Ашимов Сұлтан, Жандар Диас, Жалғасов Асхат, Мәдібек Нұрбақыт, Әбілханов Алмас, Алуадин Айдын, Абдрахманов Алдияр, Турубаев Алишер, Балтағұлов Мади, Серғазы Темірлан, Абдылдаев Қасымжан лицейіміздің қоржынын 6 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен толықтырды. Бұл оқушылар ата-аналарының үміті, лицейіміздің мақтаныштары, Қазақстанның болашағы!
Новости
Республиканы бағындырған шәкірттер
8- Наурыз
7 Наурыз күні лицейіміздің ер азаматтары көктемнің алғашқы күнімен келген 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен барша аруларымызды құттықтады. Сабақ басталысымен апайлар, асханадағы апайлар мен тазалықшы апайлар үшін 11-сынып оқушылары жарқын тілектер арқылы өз құттықтауларын жеткізді. Сабақ соңында, оқушылар мен ұстаздар дайындаған қызықты концерт лицейіміздің аяулы ұстаздарын ерекше көңіл-күйге бөледі. Кеш соңы жылы тілектер мен мерекелік дастарқанға ұласты.