Көптен күткен ұлы той... лицейіміздің жігіттерінің күш-жігерін, білімін, өнерін, шапшаңдығын айқындайтын ''Жігіт сұлтаны'' байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының, көрермендердің шешімімен ''Жігіт сұлтаны-2017'' 10б сыныбының сері жігіті Мұратбаев Диас атанды. 2 орынды 9б сынып окушысы Ералхан Рауан, 3орын 10а сынып оқушысы Төлепберген Сырым қанжығасына байлады.
Новости
Жігіт сұлтаны - 2017
Математика күндігі
Лицейімізде математика күндігі өтуде. Оқушыларымыздың ұшқыр қиялдарынан туған дүниелер бүгінгі күннің қызықты жаңалықтарына айналып отыр...
Гонконг университеттері
Бүгін лицейіміздің құрметті қонақтары болған Гонконг қаласынан келген Polytechnic және Hong Kong Baptist университеттері. Бұл екі университет лицейіміздің шәкірттеріне өздерін таныстырып, университет мүмкіншіліктерімен қатар, білімі туралы қызықты әрі нақты ақпарат беріп, болашақ түлектерді өз университеттерінде білім алуға шақырды
"Жарқын болашақ -2017"
18 күні Алматы қыздар лицейінде "Жарқын болашақ -2017" байқауының аймақтық кезеңіне іріктеу өтті. Жарыс Алматы ер балалар лицейі, Алматы қыз балалар лицейі, Galaxy Халықаралық мектебі мен Сулейман Демирель лицейі арасында болды. Лицейімізден қалалық кезеңге 2 оқушымыз жолдама алды. "Тілші-әдебиетшілер" бағыты бойынша 11А сынып оқушысы Мұрат Әлібек және "Жазушылар" бағыты бойынша Әбілбеков Самғат. Шәкірттерімізге тек қана сәттілік тілейміз!
"Бір ел - бір кітап 2017!"
Лицейімізде "Бір ел - бір кітап 2017!" акциясы бойынша кітап оқу жарысы басталды. Бұл жарыс оқушыларға ғана емес, ата-аналарға да арналады. Аталмыш жарыста 7-8 сынып оқушылары мен ата-аналарына Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" кітабы берілсе, 9-10 сынып оқушылары мен ата-аналарына І.Есенберлиннің "Қаһар" кітабы берілді. Берілген кітаптар бойынша қатысушылар 14-наурызда емтихан тапсыратын болады. Емтихан қорытындысы бойынша оқушылар мен ата-аналарға бағалы сыйлықтар табысталады. Бас жүлдені қанжығасына байлаған оқушыға велосипед беріледі. Іске сәт құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Әдеби кеш...
Бүгін лицейімізде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, әр жанрда қалам тербеп жүрген сегіз қырлы, бір сырлы Бақыт Беделханмен кездесу өтті. Кездесу "Көркем сөздің шебері" тақырыбындағы Ғ.Мүсіреповтің туғанына 115 жыл толуымен тығыз байланысты болды. Әдеби кеште лицей оқушыларының орындауында сахналық көріністер, жалынды жырлар оқылып, оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтары кеш қонағымызға қойылды. Әсерлі, жалынды кеш шәкірттер мен ұстаздардың жүректерін тебірентпей қоймады.
Ата-аналарға арналған демалыс алаңы
Лицейімізде ата-аналарға арналған күту алаңы жасалды. Бұл алаңда ата-аналар баласымен сабағы жөнінде ақылдаса алады...
"Отбасы құндылықтарының девальвациясы"
Кеше лицейімізде "Отбасы құндылықтарының девальвациясы" деген тақырыпта психолог Мырзабаев Ержан Қуандықұлы лицейіміздің ата-аналарына семинар өткізді. Семинарда отбасы ұғымы толық талқыланып, ана мен әке, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар туралы айтылды. Семинар ата-аналардың көңілдерінен шықты деген ойдамыз. Айта кетерлік жайт, семинарда ата-аналарға үйге тапсырма берілді. Яғни. семинар өз жалғасын табады деген сөз...
ІХ Леонарда Эйлер олимпиадасы
IX Леонарда Эйлер математика олимпиадасының аймақтық іріктеуінде лицейіміздің 8а сынып оқушысы Надир Бекзат 1 орынды иеленді
Құрмет грамотасы
Жыл басы жағымды жаңалықтармен басталды. 2017 жылдың қаңтар айында Астана қаласында, Білім және ғылым министрлігі, мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева xаным лицейіміздің директоры Ясин Йогуртджу мырзаны Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзаның атынан құрмет грамотасымен марапаттады.