Аттестат деген - азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама... Міне, кезінде жүректері лүпілдеп келген кішкентай балалар, ойларына ой, бойларына бой қосып үлкен өмірге жолдама алды. Терең білімдері мен ұшқыр ойларының арқасында мемлекеттік емтихандардан сүрінбей өтіп, жарқын болашаққа алғашқы қадамдарын бастады... Жас түлектерге алдағы Ұлттық Бірыңғай Тесттен де сүрінбей, кідірмей, мүдірмей өтіп, өздері қалаған университет қабырғасын аттап, студент атануларына тілектеспіз! Биыл лицейімізді 84 оқушы аяқтады. Олардың 16-сы "Алтын белгі" болса, 18 шәкіртіміз үздік аттестат иегерлері болып танылды. Сонымен қатар, 84 оқушының ішінде әлемнің ең үздік университеттеріне, Назарбаев университетіне оқуға түскен оқушылар тізімі де анықталды. Құттықтаймыз! Жас түлектерге ақ жол тілеп, сәттілік әрдайым жандарыңнан табылсын демекпіз!