IX Леонарда Эйлер математика олимпиадасының аймақтық іріктеуінде лицейіміздің 8а сынып оқушысы Надир Бекзат 1 орынды иеленді
Новости
ІХ Леонарда Эйлер олимпиадасы
Құрмет грамотасы
Жыл басы жағымды жаңалықтармен басталды. 2017 жылдың қаңтар айында Астана қаласында, Білім және ғылым министрлігі, мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева xаным лицейіміздің директоры Ясин Йогуртджу мырзаны Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзаның атынан құрмет грамотасымен марапаттады.
Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы
БІЛІМДІ ЖАС - ЕЛ ЕРТЕҢІ
XVII Жалпыресейлік білім олимпиадасының және VIII Евразия
олимпиадасының абсолюттік жеңімпаздары, лицейіміздің 11-сынып оқушылары Мәдібек Нұрбақыт пен Жалғасов Асхат ҚР Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның қабылдауында болды.
Қалалық олимпиадаға 51 оқушымыз қатысып, 42-сі орын алды.
Тәуелсіздік - Тәңірден келген тәтті сый!
Бүгін лицейімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Тәуелсіздік - Тәңірден келген тәтті сый" атты концерт өтті. Концертте 25 жылдыққа орай өткізілген жарыстардан орын алған оқушылар мен ұстаздар марапатталды. Кеш соңын лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымы ұранды әнмен аяқтады.
Қазақ елі! Барлықтарыңызды еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз еліміздің жастары Қазақстанды тек қана биіктерден көрсетіп, әлем халықтары арасында көк байрағымыз мәңгі желбіреп, Әнұранымыз бейбіт күнде шырқалсын!
Педконсилиум
Бүгін 7-сынып оқушыларының ата-аналарына педконсилиум өтуде
Олимпиада
Кеше информатика пәнінен XVIII ВКОШП және VIII Еуразия олимпиадасы өткені белгілі. Онлайн рейтинг бойынша осы олимпиададан шәкірттеріміз олимпиада басында 1 орында көрініп, қаншама ұстаздарының үміттерін ақтап өз орындарын сақтап, 2 олимпиададан да 1 орынды иеленді. Шәкірттеріміз Мәдибек Нұрбақыт, Жалғасов Асхат (ВКОШП 1орын,Еуразия олимпиадасы 1 орын) Кусаинов Жанболат, Алуадин Айдын, Рахматуллин Ралиф (ВКОШП 2 орын, Еуразия олимпиадасы 1 орын), Абдрахманов Алдияр, Мурадов Ислам, Турубаев Алишерді (Еуразия олимпиадасы 3 орын) шын жүректен құттықтай келе, болашақта осындай биік белестерді бағындырып жүре берулеріне тілектеспіз! Осындай білімді, білімге құштар жастарымыз тұрғанда,көк байрағымыз көкте мәңгі қалықтайтынына сеніміміз мол! Жасай бер, жарқын болашақ жастары!
Мәңгілік елдің дарындылары
Қараша айының 13-14 күндері Америкада барлық әлем бойынша миллионнан аса программисттерді біріктіретін HaсkerRank платформасы университеттердің рейтингін қалыптастырды. Бұл іс-шара осы жылы алғаш рет өткізілген. Hacker Rank University Code – Sprint платформасы университеттердің кодтаумен маманданған программистерді дайындау жетістік деңгейлерін анықтады. Рейтинг ресурсты қолданушылардың бағдарламалаудан есептерді шешу нәтижелеріне сәйкес қалыптастырылды. Іс-шараға әлемнің 126 университеті мен колледждерінің 5,5 мыңнан астам студенттері қатысты. Есептерді шешуіне қарай университеттерге белгілі балл саны берілді. HaсkerRank платформасының есептеуі бойынша, Санк-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университеті ең үздік атанды. Екінші орында Sun Yat – sen memorial Middle School (Қытай), ал үшінші орында Ho Chi Minh City University of Science (Вьетнам). Алматы Білім-иновация лицейі (КТЛ) рейтингте 21-орынға табан тіреді.
UNIST университеті
Бүгін лицейімізде 10-11сынып оқушыларына Корей елінің халықаралық «UNIST» университеті ашық есік күнін ұйымдастырды.Университеттен келген мұғалімдер оқушыларға жалпы университеттің жетістіктері және факультеттеріне туралы толық мағлұмат берді. Ол жердің студенттерінің бос уақыттарының қалай өтетіндігі туралы да мәліметтер айтылып, слайд түрінде көрсетілді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала алды.
Ән байқауы
Бүгін лицейімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Әнім саған арналады - Қазақстан" атты ән байқауы болды. Байқауға 7-10 сыныптардың оқушылары қатысып, үздік өнер көрсетті. Байқаудың 2 бөлімінде лицейіміздің ұстаздары ән шырқап, викториналық сұрақтар арқылы өздерінің туған жерге деген жылы лебіздерін білдірді. Байқауымыздың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Армрестлинг жарысы
Бүгін лицейімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған армрестлинг жарысы өтуде
Желтоқсан желі
29 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері Ғ.Мүсірепов театрына барып, "Желтоқсан желі" атты қойылымды тамашалады. Бұл қойылым Тәуелсіздіктің қалай келгендігін, Тәуелсіздік қандай оқиғаның жемісі екендігін түсіндіріп, оқушылардың жүректерін сол кездегі жастарға деген алғыс-тілектерге толтырды.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті күндігі
Бүгін лицейімізде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті күндігі өтуде. Аталмыш күндікке байланысты қазақ тілі мұғалімдері оқушыларды қазақтың салт-дәстүрі, мақал-мәтелдері, киелі сандары, жалпы қазақ халқының құндылықтарымен таныстыру мақсатында көптеген ойындар мен логикалық тапсырмалар ұйымдастырды. Сонымен қатар, қазақ тілі бірлестігінің атынан лицей мұғалімдеріне ақ дастарқан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.
Мұғалімдер жарысы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында "Тәуелсіздік - ұраным" атты мұғалімдер арасында баскетбол, волейбол жарысы, эстафеталық жарыстар өтті. Жарысқа белсене қатысқан ұстаздарымызға рақмет!
Күрес
Лицейімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты 7-11 сыныптар аралығында күрестен жарыс өтуде
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай лицейімізде 7-11 сыныптар аралығында баскетбол ойынынан жарыс өтуде
English Day...
Білім көрмесі
19 қараша күні Наурызбай ауданының 157 мектебінде Алматы ер балалар және қыз балалар лицейлері бірігіп, білім көрмесін ұйымдастырды. Көрмені Наурызбай ауданының әкімі мен басқа да мектеп оқушылары келіп тамашалады. Білім көрмесінде оқушыларымыз өздерінің ғылыми жаңалықтарын көрсетіп, химия, биология, физика, математика, тарих, биология, география пәндері негізінде жасаған жобаларымен таныстырды.
Дені саудың - жаны сау
17 қараша күні лицейімізде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай "Дені сау ұрпақ - ел болашағы" атты тақырыпта С.Д. Асфендияров университетінің доценті А.И. Нуфтиеваның басқаруымен университет студенттері келіп, 7-сынып оқушыларына диабет туралы сахналық көрініс көрсетіп, ойындар ойнатты. Бұл кездесуде балалар диабет ауруының алдын алу шараларымен толықтай танысып, суреттер арқылы өз ойларын білдірді.