Новости

          • 2024-2025 Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

          • Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 2025 жылдың 6-8 қаңтар аралығында өтті.

            Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша оқушыларымыз 46 жүлделі орын иеленді.

            Оқушыларымызға, олардың ата-аналарына және жетістікке жету жолында аянбай еңбек еткен ұстаздарымызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

          • 16.11.2018ж.шахматтан ХХІІ қалалық Спартакиада өтті.

          • 16.11.2018ж.шахматтан ХХІІ қалалық Спартакиада өтті. Әуезов ауданы бойынша іріктеу жарысында БИЛ оқушылары Батырханов Бексұлтан,Зайтметов Раушанбек,Ахметжан Абылай 3орынды иеленді.Қалалық финалдық сайыста Әуезов ауданының командасы 3 орынға табан тіреді. Лицейіміздің 8 "А" сынып оқушысы Ахметжан Абылай финалға қатысып, командалық сайыста жақсы нәтижиеге қол жеткізді.Жеңіс құтты болсын!

          • 9.11.2018ж. лицей Презиндентін ұлықтау рәсімі өтті.

          • 9.11.2018ж. лицей Презиндентін ұлықтау рәсімі өтті.Жабық дауыс беру нәтижесінде лицей  Президенті лауазымына 10 "Б" сынып оқушысы Сатай Абай Абылұлы сайланды. Сондай-ақ "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшелері тағайындалды.Білім министрі Далабеков Алмат,Мәдениет министрі Танбаев Әміржан,Спорт министрі Акбулут Мехмет,Тәртіп министрі Мамедов Рафик болып бекітілді.

          • 6 қазан сенбі күні лицейімізде ата-аналарға арналған педконсилиум өтті.

          • 6 қазан сенбі күні лицейімізде ата-аналарға арналған педконсилиум өтті. Әр тоқсан сайын болатын педконсилиумда ата-аналар оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесі туралы пән мұғалімдерінен,сынып жетекшілерден керек ақпараттарын ала алады деген үміттеміз. Мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы тығыз қарым-қатынастың бір көрінісі болып табылатын педконсилиум түрлі мәселелердің шешімін тапты деген ойдамыз.

          • 6 қазан сенбі күні лицейімізде ата-аналарға арналған педконсилиум өтетінін хабарлаймыз!

          • 6 қазан сенбі күні лицейімізде ата-аналарға арналған педконсилиум өтетінін хабарлаймыз.Әр тоқсан сайын болатын педконсилиумда ата-аналар оқушылардың оқу үлгерімі мен тәрбиесі туралы пән мұғалімдерінен,сынып жетекшілерден ақпарат ала алады. Мұғалім-оқушы-ата-ана арасындағы тығыз қарым-қатынастың бір көрінісі болып табылатын педконсилиум түрлі мәселелердің шешімін табуға көмектеседі.

          • 27 қыркүйек күні лицейде Үйірме көрмесі  өтті.

          • 27 қыркүйек күні лицейде Үйірме көрмесі  өтті.Футбол,шахмат,домбыра, волейбол т.б үйірме жетекшілері оқушыларға кішігірім ойын түрлерін өткізіп, балалардың қызығушылықтарын байқады. Аталмыш көрме оқушылардың түрлі қабілеттерін анықтап, жетілдіруде үлкен үлес қосатынына  сеніміміз мол.
            #almatyboysbil
            #bil
            #uiyrmelerkormesi

          • 14.09.2018ж. лицейімізде зейнет жасына жеткен ұлағатты ұстаздар мен қызметкерлерге арналған мерекелік қоштасу кеші өтті.

          • 14.09.2018ж. лицейімізде зейнет жасына жеткен ұлағатты ұстаздар мен қызметкерлерге арналған мерекелік қоштасу кеші өтті. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажымас қайратымен, өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен, адамгершілік қасиетімен, қоғамдық жұмысымен, заманауи саясатымен, кәсіби біліктілігімен ұстаздық міндетін абыроймен атқарған құрметті Оразалиева Мазира Кусаиновна, Избасханова Орынкул Куанбаевна, Нургожина Бакыт Кельдигоживна, Сулейменов Бактыгали Азильманатович, сіздерге өз жұмыстарыңызды адал және кәсіби түрде атқарып, көрсеткен жоғары дәрежелеріңіз үшін  зор алғысымызды білдіреміз!
            #almatyboysbil
            #ktl
            #zeynet

          • Алматы "Білім-Инновация" ұлдар лицейі үздік олимпиадалық мектептер қатарына кірді! 

          • Алматы "Білім-Инновация" ұлдар лицейі үздік олимпиадалық мектептер қатарына кірді! 
            2017-2018 оқу жылында өткен Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік 100 олимпиадалық мектептері анықталды.
            🥇🥈🥉Алматы "Білім-Инновация" ұлдар лицейі 5 алтын🥇, 5 күміс🥈пен 5 қола🥉жетістігімен барлығы 30 ұпай жинап үздік мектептер ішінен 5 орынға ие болды!!!
            Сірә, бүгіннен бастап 5⃣ біздің киелі санға айналды ау шамасы😄
            Лицей ұстаздары мен шәкірттерін, оқуға қамқор болып жүрген ата-аналарымызды бұл жетістіктерімен құттықтаймыз!
            #almatyboysbil
            #ktl
            #5oryn
            #almatykazakhstan

        • "Қош бол, алтын ұя-мектебім!"
          • "Қош бол, алтын ұя-мектебім!"

          • Аттестат деген - азаматтық куәсі,

            Аттестат деген - өмірге берген жолдама... Міне, кезінде жүректері лүпілдеп келген кішкентай балалар, ойларына ой, бойларына бой қосып үлкен өмірге жолдама алды. Терең білімдері мен ұшқыр ойларының арқасында мемлекеттік емтихандардан сүрінбей өтіп, жарқын болашаққа алғашқы қадамдарын бастады... Жас түлектерге алдағы Ұлттық Бірыңғай Тесттен де сүрінбей, кідірмей, мүдірмей өтіп, өздері қалаған университет қабырғасын аттап, студент атануларына тілектеспіз! Биыл лицейімізді 84 оқушы аяқтады. Олардың 16-сы "Алтын белгі" болса, 18 шәкіртіміз үздік аттестат иегерлері болып танылды. Сонымен қатар, 84 оқушының ішінде әлемнің ең үздік университеттеріне, Назарбаев университетіне оқуға түскен оқушылар тізімі де анықталды. Құттықтаймыз! Жас түлектерге ақ жол тілеп, сәттілік әрдайым жандарыңнан табылсын демекпіз!

        • Мерекелік кеш
          • Мерекелік кеш

          • Бүгін лицейіміздің ер азаматтарын, ағайларды арулар ұжымы мерекелерімен құттықтады. Мереке таңғы ақ дастарқанмен басталып, концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Құрметті де қадірлі ағайлар! Мерекелік кеште айтылған әндер мен ізгі тілектер тек өздеріңізге арналады. Әрдайым биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспіз!